12
қаңтар
2026
Тәрбие сағаты барысында адалдық пен әділдік туралы әңгімелер
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 12 қаңтар күні оқушыларға адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтардың маңызын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын ұғындыру, заңды құрметтейтін, әділ әрі саналы азамат тәрбиелеу мақсатында 1-11 сыныптарда «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!», «Адал бала – ел болашағы» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаты барысында адалдық пен әділдік туралы әңгімелер айтылып, өмірден мысалдар келтіріледі. Сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына кері әсері талқыланады. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасады. Танымдық тапсырмалар мен тәрбиелік сұрақтар арқылы адал азамат болудың маңызы түсіндіріледі.
Сонымен қатар,
«Бассейндегі немесе судағы жарақаттар мен кездейсоқ оқиғаларды қалай болдырмауға болады?»
«Судағы қауіпті жағдайларды қалай тануға және судағы жазатайым оқиғларадың қалай алдын алуға болады?»
«Біріктіруге болмайтын өнімдердің комбинациясы»
«Секталардың ықпалына қалай түспеуге болады?»
«Қауіпті және болжанбайтын жағдайлардан, зиянсыз әзілдер мен ұсыныстарды қалай ажыратуға болады»
«Зиян келтіруі мүмкін ұсыныстарды нақты және батыл түрде қабылдамауды қалай үйренуге болады» сияқты тақырыптарда қауіпсіздік сабақтары өтілді.