13
қаңтар
2026
«Жағымды қарым-қатынас – жайлы орта» тақырыбында психологиялық кездесу
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында 2026 жылдың 13 қаңтар күні мектеп оқушыларына арналған «Жағымды қарым-қатынас – жайлы орта» тақырыбында психологиялық кездесу (тренинг/сабақ) ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында өзара сыйластық, түсіністік, достық және жағымды қарым-қатынас қалыптастыру арқылы мектептегі психологиялық ахуалды жақсарту, эмоционалдық қолдау көрсету болды. Тренинг барысында оқушылар түрлі жаттығулар мен сергіту ойындарына қатысып, бір-бірімен тиімді қарым-қатынас орнату, тыңдау және түсіну, кикілжіңдерді шешу жолдарын меңгерді. Жаттығулар арқылы әр оқушы өзін қауіпсіз сезінетін ортада еркін пікір білдіру, өзін таныту мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара оқушылардың эмоционалды жай-күйіне оң әсер етіп, сынып ішіндегі қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті. Мектеп психологы: С.Сабыралиева, М.Асхатова