28
қаңтар
2026
«Заң және тәртіп» айлығы аясында «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында 9–11 сынып білім алушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесу
2026 жылдың 28 қаңтар күні№ 5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында 9–11 сынып білім алушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесу өткізілді.
Іс-шараға Ақарал ауылдық округінің әкімі Д. Тасқараев, Меркі аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобының полиция майоры Е. Тупеков, Меркі АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант А. Даулетов және әскери қызметкер, лейтенант Е. Құдабаев қатысты.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде орын алатын кибербуллингке қарсы сақтық шаралары, жеке деректердің қауіпсіздігі және заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында әскери қызметкер, лейтенант Е. Құдабаев оқушыларға алғашқы әскери дайындық, әскери қызметтің маңыздылығы және әскери мамандықтар бойынша кәсіби бағдар жөнінде ақпарат берді. Әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері, әскери қызметтің талаптары мен артықшылықтары таныстырылып, Отан қорғаушы болудың жауапкершілігі мен абыройы атап өтілді.