29
қаңтар
2026
7–11 сынып білім алушылары арасында эссе байқауы
2026 жылы қаңтар айының 26-29 күндері аралығында білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Төлеген Гүлнар «Менің құқықтық мәдениетім» тақырыбында 7–11 сынып білім алушылары арасында эссе байқауын өткізді. Қатысушылар эссе мазмұнының ашылуы, сауаттылығы және ойдың жүйелілігі бойынша бағаланып, байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жүлделі орын иегерлері марапатталды.