06
ақпан
2026
6 сынып білім алушыларымен Дос болайық, ренжітпейік!» тақырыбында тренинг
2026 жылы 06 ақпан күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мектептегі эмоциялық ахуалды жақсарту, оқушылар арасында ынтымақтастық пен өзара қолдауды нығайту, достық қарым-қатынасты дамыту мақсатында мектеп психологы: С.Сабырыралиева, М.Асхатова 6 сынып білім алушыларымен Дос болайық, ренжітпейік!» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренинг барысында оқушыларға достық, сыйластық және түсіністік ұғымдары түсіндірілді. Топтық және жұптық жаттығулар арқылы оқушылар бір-бірін тыңдауға, өз ойын ашық жеткізуге және жағымды қарым-қатынас орнатуға үйренді.
Тренинг нәтижесінде оқушылардың бір-біріне деген сенімі артып, сыныпта жылы психологиялық ахуал қалыптасты. Қатысушылар өзара сыйластықтың, қолдаудың және ренжітпеудің маңызын түсінді.