02
наурыз
2026
1-11 сынып оқушылары арасында "Алғыс-ізгі ниет", " Алғыс айту - Рухани байлық" тақырыптарында тәрбие сағаттары
1 наурыз – елімізде аталып өтетін Алғыс айту күні. №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2 наурыз күні 1-11 сынып оқушылары арасында "Алғыс-ізгі ниет", " Алғыс айту - Рухани байлық" тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, ата-анаға, ұстаздарға, достарына және туған жерге деген алғыс сезімін ояту.