28
ақпан
2020
"Алғыс айту" күні бірлігімізді бекемдеп, шынайы ықыласымыз арқылы сыйластығымызды одан әрі нығайту үшін өнеге сабақтары
1 наурыз Алғыс айту күні-бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстанда қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қазақ еліне ризалығын білдіру арқылы өзара түсіністігіміз бен сыйластығымызды барша жұртқа паш ететін күн. №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп гимназиясында Алғыс айту күні бірлігімізді бекемдеп, шынайы ықыласымыз арқылы сыйластығымызды одан әрі нығайту үшін өнеге сабақтары, сынып сағаттары мен мерекелік іс-шаралар өткізілді.