01
наурыз
2019
1 наурыз «Алғыс айту» мерекесіне орай №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп – гимназиясының 3 «ә» сынып білім алушылары және сынып жетекші Асанкулова Акботаның ұйымдастырылуымен «Алғыс айту – парызым!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты
1 наурыз «Алғыс айту» мерекесіне орай №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп – гимназиясының 3«ә» сынып білім алушылары және сынып жетекші Асанкулова Акботаның ұйымдастырылуымен «Алғыс айту – парызым!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді. Білім алушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктері, ризашылық пен алғыс туралы ой пікірлері «Орынын тап» ойыны, «Интервью» әдісі, «Кинометафора» әдісі, топтық жұмыстар арқылыжүзеге асты. «Автограф», «Өз қолыңмен» ойынында білім алушылар өздері үлкен жүрекше жасап, ішіне алғыс тілектерін жазды. Білім алушылар жақсылық жасауды, өмірдің әрбір сәтін бағалай білу, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды естен шығармауды бойында қалыптастырды.