«Мен сыйға тартқан домбыра» акциясы
2019 жылдың 29 қазан күні өткізілген «Мен сыйға тартқан домбыра» акциясы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетін өркендетуге бағытталған. Аталған акцияға мектеп ұстаздары, ата-аналар, ауыл кәсіпкерлерлері мен тұрғындары атсалысты. Қасиетті домбыра ұлттық дәстүрімізбен бірге жаңғырып келе жатқан дүние. Домбыра қазақтың ұлттық аспабы ғана емес, халық мұрасы. Қазақ қашанда домбыраны қадір тұтып, төрге іліп, бағалаған. Киелі аспаптың құрметіне былтыр Елбасының жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні бекітілгені белгілі. Осыны ескерген демеушілер: мектеп кітапханашысы Г. Маделиева және бастауыш сынып мұғалімі Ш. Ермаханбетова жас өнерпаздарға екі домбыра тарту етті. Бұл акция күй өнерін, домбыра аспабын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау болып табылады және жыл бойы жалғасын табады. Ал, ұлттық өнерге сүйіспеншілікті ояту үшін, мектепте 5-6 сынып оқушыларынан құралған «Бозінген» домбыра үйірмесі жұмыс жасайды. Бұның бәрі мектеп оқушыларының домбыраға деген құмарлығын оятып, ұлттық өнерді меңгеруіне зорықпал етеді.