14
қаңтар
2020
"Шаңырақ" білім алушылар қауымдастығы аясында "Мен табиғаттың бір бөлшегімін" айдарымен экостиліндегі өмір кеші
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 13-18 қаңтар аралығында "Шаңырақ" білім алушылар қауымдастығы аясында апталық ұйымдастырылып, Ж.Алайдарованын жетекшілігімен "Мен табиғаттың бір бөлшегімін" айдарымен экостиліндегі өмір кеші өткізілді."Бірге-таза Қазақстан" эко челлендж қозғалысы негізінде шаңырақ сағатында қатысушылар болашаққа бірге қадам басып, экологиялық таза мемлекет құруға шақырды. Кеш барысында тұрмыс қалдықтарынан жаңа қажетті бұйымдарды қолдану үшін бейнероликтер көрсетіліп, табиғи ресурстарды аялау қажеттілігі айтылды.