03
маусым
2020
Мектеп бітіруші түлектердің балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу- соңғы қоңырау үні
2020 жылдың 3 маусым күні №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу- соңғы қоңырау үні қағылды. Бітіруші түлектерге мекеме басшысы Н. Койшиманова алда басталар өмірдің саналы жолы ешкімді адастырмай, білімде табандылық танытып, ұшқан ұя мектебіміздің мәртебесін биік, тұғырын берік ұстауға шақырды. Мектеп бітірушілердің аттестат тапсыру рәсімі нен кейін сынып жетекшісі Э.Жаксыбаева шәкірттеріне кәсіби маман иелері болуына тілек білдірсе, ата-ана Р. Тайпанова ұстаздарға алғысын білдірді. "Алтын белгі" иегерлері А.Амантай, Қ. Өзбек және мектеп түлектері журекжарды тілектері мен тамаша флешмоб билері, тартымды әндері көпшілікке тарту етілді. Үлкен өмірдің қиын қыстау жолында әр жасқа тек жақсылық тілейміз!