Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!
11 сыныптарға арналған «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!» салтанатты жиынының сценарийі
2016-2017 оқу жылы
-----Фанфары
-----Жүргізушілер шығады: Қ. Темірбеков және Г.Қазыбаева
Қуаныш: -Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығының қарсаңында «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынға жиналған қауым.
Гаухар:- Міне, тағы бір оқу жылын аяқтағалы тұрған түлектеріміз, дарынды, зерек ойлы, әлемдік мәдениет пен жаһандық экономикаға кірігудің кілтін иеленетін біздің мектебіміздің 27 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Қуаныш: - Білім айдынында, ақ желкен кемелерімен, армандарына қарай келе жатқан бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алайық, ағайын!
Гаухар: -Қарсы алыңыздар, 11 «а» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі: «Үздік педагог-2016» байқауының жүлдегері, «Менің елім-Мәңгілік Ел» облыстық байқауы жеңімпазы, шығармашыл, адамгершілігі жоғары, еңбекқор, парасатты ұстаз-Атамқулова Әсия Уалиханқызы. Мектебіміздің мақтаныштары, Мәңгілік ел перзенттері, «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» үміткерлерін қарсы алайық- -Жапарқулов Әбиірбек, –Әліғұл Әкежан , Жолшыбай Болат ,Төребек Аида Заутбек Диана, Туғанбай Айгерім
Тәуелсіз еліміздің қырандары, жеңіл атлетика жеңімпаздары- Келіскен Арнат, Әлдибек Дәулет, республикалық байқауының «Ең үздік автокөлікті жүргізуші» номинациясы иегері-Жұман Арман, қазақ тілінің шебері- Синкеевич Светлана, орыс тілі шебері-Жасұзақ Әділет.
Қуаныш: Ашық мінезді, сүйкімді оқушы – Жұмабай Сания, Толғанбай Ұлбосын, облыстық әскери-патриоттық «Айбын» сайысының жеңімпазы, автоматты шашып жинау шебері- Жұман Жалғас, Жахан Асыл, спорт шебері, волейбол ойындарының жеңімпаздары –Совет Ардақ , Жұман Олжас,сымбатты да келбетті – Хұсайын Аружан,Тұрғыналы Динара, оқу екпінділері-Күмісбек Зарина, Білдебаев Абылай, көркем мінез, ақ жарқын оқушы-Жолдасбек Ақжібек, Наби Аида, тоғызқұмалақ ойынының шебері-Кеңгесбаев Саламат , Қанатбек Нұргелді, «Шұғыла» би байқауының шебері–Төлен Ұлдана, облыстық ақындар айтысының, «Мен елімінің көшбасшысы» байқауының жүлдегері, қаламы ұшталған жас ақын, «Үздік оқушы-2016» номинация иегері -Балтабаев Мұқагали.
Гаухар: -Салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Әнұран орындалады
Қуаныш:-Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біздің міндетіміз-білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру.Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, жастардың ІТ біліктілік пен қаржылық сауаттылықты қалыптастыру, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажет, себебі болашақтың тізгінін ұстайтын жастар».
Гаухар:-Еліміздің білімді, саналы азаматтарын тәрбиелеу ұстаздар мен ата-аналарға жүктелетін ауыр да абыройлы іс.
Қуаныш: Бүгін салтанатты күн, мерекелік дүбірлі күн. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
Гаухар:-- Құтты болсын алғашқы өмір баспалдағы,
Қорқытпасын мұз, көлі, асқар тауы.
Кірпіш болып қаланып, жеміс берген
Сіздер үшін айтылады көп арнауы.
Гаухар:-Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып кетсек:
1. Меркі ауданы әкімі Өмірбеков Мейірхан Азатұлы
2. Меркі ауданы әкімінің аппарат басшысы Акек Ербол Базарбайұлы
3. Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Есенов Сәкен Бөрібайұлы
4. Ақарал ауылдық округінің әкімі Мәжиев Бейбіт Әлімбекұлы
3. Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Байтүлекова Жанар Болатовна
4. Ардагер ұстаздар : Тасқараев Болат, Байжигитова Бейсекүл, Диханбаева Бәтес, Адыкова Бейсекүл, Серкешбаева Қадиша, Тынымбаева Майра, Алимжанов Манат, Барменкулов Берік.
5.Сондай-ақ мектептен қарлығаш боп ұшқандарына10, 20 жыл болған түлектер алтын ұя мектебі, ұстаздармен қауышуға келіп тұр.
Қуаныш: Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы , ардақты адам.
Құзыреттілік пен сапаға бағытталған жаңартылған білім беру мазмұнының әдістерін тиімді қолдана білетін, сапалы басқару мен бақылаудың жаңаша тәсілдерін игерген, креативті көшбасшы, білікті менеджмент, мектебіміздің директоры Қойшыманова Нурила Сейсембайқызына береміз.
Гаухар: -Тек жүректен арналар сөзіміз де,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.
Сөз кезегі құрметті қонағымызМеркі ауданы әкімі Мейірхан Азатұлына беріледі.
Мектебіміздің әдістемелік кабинеті облыс көлемінде бас жүлдені жеңіп алды. Осы кабинетке аудан әкімінің сыйын қабыл алыңыздар.
Ән «Мектебім» орындайтын Республикалық «Жауқазын», «Атадан мұра» ән байқауының жүлдегері, «Бала сұлтан» байқауының жеңімпазы 1ә сынып оқушысы Эргашев Ислам, қабыл алыңыздар!
Қуаныш:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! 2016-2017 оқу жылының аяқталуына байланысты 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10 сынып оқушыларына кезекті жиында мақтау қағаздары таратылған. 1-ші сынып оқушыларының алғашқы мадақтамаларын беріп, оқу озаттарын марапаттау рәсімін бастаймыз. Марапаттау дипломдарын салтанатты түрде мектеп директоры тапсырады.
1 «А» сынып оқушылары
Сынып жетекшісі:Асанқұлова Ақбота
Оқу озаттары:
1.Асу Нұрәділ
2.Әбдікерім Аида
3.Кумисбек Мердиас
4.Мәлік Айзере
5.Марат Әдемі
6.Өсер Бекболат
1 «Ә» сынып оқушылары
Сынып жетекшісі:Ермаханбетова Шынар
Оқу озаттары:
1.Эргашев Ислам
2.Ерланқызы Назгуль
3.Болат Тұран
4. Дүйсенқұл Еркежан
5. Құрманғали Абдулазиз
6.Талғатқызы Аяжан
(Жүргізушілер Қуаныш пен Гаухар кезек-кезек 1-ші сынып оқу озаттарының және сынып жетекшілердің аты-жөнін оқиды)
Фанфары (мақтау қағаздары 1 «а,ә» сынып оқушыларына жеке-жеке беріледі.)
Гаухар:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай Мәңгілік елдің дарынды 25 жеткіншегі, 2016-2017 оқу жылының «Үздік оқушы 2017»номинациясына иегерлерін ортаға шақырамыз. Болашақ білім және ғылым, спорт, музыка, өнер майталмандарын қарсы алыңыздар.
Гаухар:
Ән «Алға, Қазақстан» бітіруші түлектерге арналады. Орындайтын Республикалық «Ұлы Дала ұрпағы» ән байқауының жүлдегері, Халықаралық «Арт-шашу» өнер байқауының жеңімпазы 7ә сынып оқушысы Асқар Ақәділ және 25 белсенді оқушылардың флешмобын қабыл алыңыздар!
Қуаныш: Осы 25 оқушы ең үздік болып табылған оқушы, «Үздік оқушы-2017» кубогымен марапаттау кезегі Меркі ауданы әкімі – Өмірбеков Мейірхан Азатұлына ұсынамыз.
Мектебіміздің жыл сайынғы дәстүрі бойынша «Үздік оқушы» номинация иегері, республикалық «Ұлы дала ұрпағы», «Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауының жүлдегері, пән олимпиада жеңімпазы, Халықаралық «Атадан мұра» байқауының бас жүлде иегері, «Үздік куәлік» үміткері - 9а сынып оқушысы Асан Ақжұлдыз мараптталады.
Қуаныш: --Бүлдіршін, балалықты еске алайық,
Кездесіп ұстаз, доспен щаттанайық.
Байқалмастан өтіпті-ау жиырма жылда
Көңілді лебізбен толтырайық.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі 20 жылдық түлектердің атынан Шаншаров Айбек пен Тұрлығұл Назгүлге беріледі.
Гаухар: Мектептегі абаттандыру жұмысына, асхананы жабдықтауға үлес қосып, демеушілік көрсеткен 20, 10 жыл бұрын бітірген мектеп түлектеріне алғыс жариялаймыз.
( 20 жылдық мектеп түлектері құттықтау сөздерін айтып, сыйлықтарын, гүлдерін тапсырады)
Қуаныш:Сағынышпен нұр сәулесін төккен ұстаз жүрегіне жететін әуенімен 11а сынып оқушылары Келіскен Арнат пен Төлен Ұлдананы қарсы алыңыздар !
Ән «Ұстазға тағзым».
Гаухар:--- Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11-дің білім кемесін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.
Қуаныш:
Білімнің кемесін 2017 жылғы мектеп түлектері Әліғұл Әкежан мен Туғанбай Айгерім 10-шы сынып оқушылары Жөкетаева Аяужан мен Садвакасов Айбекке тапсырады.
11 а- Света:Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Мәңгілік ел ұрпақтары білімді, озық ойлы болып, өзге мемлекеттермен иық тірестіре білуі жолында Ұлы Дала перзенттерінің білім кемесі кедергісіз жол тартуы тиіс. Біз биылғы мектеп түлектері сіздерге білім кемесін табыс еткелі отырмыз.
Әкежан: Школа - это корабль в океане знаний . Дети Великой Степи , представители Вечного народа должны быть конкурентоспособными и наравне с другими государствами. Наш корабль знаний без препятствий будет плыть вперед. мы, выпускники школы, хотим вручить вам этот корабль знаний.
Айгерім: The school is a ship in the ocean of knowledge. The children of the Great prairie should be competitive and on a par with other countries our ship will sail forward with any obstacles. And we, the graduaters of this school want to present you this ship of knowledge.
( білім кемесін қабылдап алатын 10 а сынып оқушыларының сөздері.)
Аяужан: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді – ау ерекше жүректерің
Айбек: Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн
«Сәт- сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін
( Ортаға мектеп түлектерін шығады) ( Күмісбек Зарина, Жапаркулов Абиірбек, Балтабаев Мұқағали, Жолшыбай Болат, Толғанбай Ұлбосын, Закуытбек Диана)
(Осы арада ұстаздарға гүл шоқтарын тапсырады, өздерінің жүрек жарды сөздерін айтады)
Қуаныш: --Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Шақырайық вальске түлектерді
Қоштасудың вальсін айтып тұрып.
«Қоштасу вальсі»Ортаға бітірушілер ән әуенімен шығып , вальс элементтерін билейді, артынша флешмоб орындалады.
11 сынып оқушыларына дәріс беретін, мұғалімдерді шақырамыз.
(Аспанға шарларды ұшырады, арман тілектерін ән әуені сүйемелдеуімен жеткізеді