07
қазан
2020
"Ұлы Даланың жеті қыры" Халықаралық "Aspara Fashion Week" сән апталығының жобасы
"Ұлы Даланың жеті қыры" бағдарламалық мақалада ұлттық фольклор, отандық кинометография, қолөнер мен киімнің сән үлгісі іс-шаралары насихаттау көзделген. Осы миссияны орындаған Халықаралық "Aspara Fashion Week" сән апталығының жобасын 2017 жылдың басында беделді сәнгерлердің бірі Айдархан Қалиев алдын ала жасап, алғашқы азиялық дизайнер іспетті. Тараз қаласындағы ASPARA модельдік өнер және бизнес колледжінің негізін қалаушы, техника ғылымдарының кандидатты, өнертану кафедрасының доценті, нео-фольклор, "Аidar Khan" брендтерінің авторы. #5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 7-10 жоғарғы сынып білім алушылары қазақстандықтардың жеңіл өнеркәсібін дамытуға ат салысқан А.Қалиевтің сән индустриясындағы бәсекеге қабілеттілік және орталық Азия дизайнерлерінің мәдени біліміне ынталандыратын туындыларымен танысып, болашақта еуропалық салондарда өзіндік өнімдерді сатуды, қытайлық өндірушілермен франчайзинг мүмкіндігін және сатып алушылармен тікелей жұмыс жасауға болатынын туралы ақпарат алды.
