12
ақпан
2021
Ақпан айы - психологиялық кеңес беру"
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында "Ақпан айы - психологиялық кеңес беру" айлығының барысында 9 сынып білім алушыларымен өмірді сүюге үйрету, оның әрбір сәтін қадірлеуді түсіндіру. Өмірдің мәні туралы ой-пікірлерін ортаға салдыру, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, бағалай білуге, жастарды бүгінгі қоғамымыздың жаулаған зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға. Өмірдің өте қымбат екендігіне көздерін жеткізу мақсатында мектеп психологтары Р.Молдобекова, Ж. Черембаев "Мен өмірді сүйемін!" тақырыбында тренинг жүргізді. Тренингте білім алушылар өз ойларын еркін айтып белсене қатысты.