«Қызым саған айтам...» » Страница 21 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » «Қызым саған айтам...»
24
сәуір
2017

«Қызым саған айтам...»

<!-- [if gte mso 9]> 800x600

                                            «Қызым саған айтам...» 

 

Жуырда  №5 Ақарал орта мектебінде «Қызым саған айтам» сырласу кеші болып өтті. Кешке 8 – 11 жоғары сынып оқушылары,  ата –аналар, ардагер ұстаздар,  мектеп мұғалімдері және медицина саласындағы қызметкерлер  қатысты. Кешті ұйымдастырушы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Райхан Бабижанова іс-шараның  мақсатымен және шақырылған қонақтармен таныстырды.

Алғашқы сөз кезегін алған мектеп директоры Нурила Койшиманова өз сөзіне халқымызда қыз балаға деген көзқарас атам заманнан –ақ ерекше қалыптасқандығын, «Қызға қырық үйден тыю» - деген нақыл сөз осыдан қалғандығын, сондықтан да қыздарымыз әдемі де сұлу, ақылды да білімді, ақылына көркі сай болуы үшін тәрбие жұмыстардың өз деңгейінде жүргізілу қажет екендігін айтты.

Сондай –ақ, сөз кезегін алған әжелер тобының жетекшісі Г. Үсенова, ардагер ұстаз математика пәнінің мұғалімі А. Далиева, мектеп медбикесі А. Кушенова және әлеуметтік педагог М. Алденбаева  өз ой-пікірлерін ортаға салды. Әңгіме барысында  қазіргі жас қыздардың батыс елдерге еліктеуі басым екендігі, ұрпақ тазалығы қыздарға сәби кезінен берілген тәрбиеге байланысты болғандықтан, өркениеттілікті сылтауратып тәрбиеге көңіл бөлмеу дұрыс еместігі сөз болды. 

Мектеп психологтары Р. Молдобекова  мен А. Толғанбаева «Баланың мүсіні» атты тренинг жүргізді.

Кеш барысында халықтың тәрбиелік мәні бар салт –дәстүрлері, мақал-мәтелдер көптеп қолданылып, қыз баланың талғамымен киінуі, үнемді болуы, сөз саптауы, жүріс – тұрысы, бар болмысы қазақтың қызына тән ибалы да иманды болуы үшін қойылатын он түрлі талап таныстырылды. Олар – әдептілік, пәктік, кеңпейіл, кешірімді, мейірім – шапағатты, ақыл парасатты, сабыр-салмақты, адал –ақжарқын, өжет, намысты болу. 

Сондай-ақ, кеште «Кім – кінәлі?» атты бейнеролик көрсетіліп ата-аналар мен қыздар топқа бөлініп пікірталас өткізілді. Әр топ өз ой пікірлерін ортаға салды. 

Сырласу кеші өте қызықты әсерлі өтті, қатысушылар өздерін толғандырып жүрген көкейдегі сұрақтарына жауап алып тарасты.

Ия, мұндай сырласу кештерінің тәрбиелік мәні зор, сондықтан келешекте әр мектепте жалғасын табады деп сенеміз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

В средней школе  № 5 «Акарал» провели  вечер душевного общения 

«Қызым саған айтамын...».  В нем участвовали учителя, учащиеся 8-11 старших классов вместе с родителями и медицинские сотрудники ВА «Акарал». Организатор этого мероприятия  заместитель директора школы по воспитательной работе Р. Бабижанова  познакомила всех с программой проведения и познакомила всех участников  и гостей.

Директор школы Нурила Койшиманова   в своем вступительном слове отметила, что мы издавна уделяли большое внимание воспитанию девушек, это можно заметить по  пословице «Қызға қырық үйден тыю...». Смысл  этой пословицы в том, что воспитанием наших дочерей должны заниматься  не только их родители, так же им должны дать воспитание её родственники, учителя, близкие люди и наше общество.  Что бы они росли воспитанными , сдержанными, красивыми и чистыми. Для этого надо приложить много труда и терпения. 

Затем поделились со своими  мыслями о воспитании девочек руководитель группы «Әжелер»  Г. Усенова,учителя, преподаватель математики А. Далиева, медсестра школы А. Кушенова и социальный педагог М.Алденбаева

В ходе беседы говорилось о том, что некоторые современные девочки очень часто подражают западу. Ведут себя не так как положено нашему менталитету и  традициям. И этого  важно заметить в воспитании наших дочерей. 

Психологи школы  Р. Молдобекова и А. Толганбаева провели тренинг«Облик Юноши».

 В ходе вечера проведены ряд принципов которые имели большой воспитательный и эстетический смысл. Девочки познакомили с национальными обычаями, затем соревновались в знании пословиц  и поговорок. В умении красиво и правильно излогать свои мысли.  Потом они соревновались в умении красиво сдержанно, современно одеваться, и учитывая наш национальный менталитет и традиции. 

Просмотрев ролик «Кто виноват девочки с родителями разделились на команды и обсуждали проблему. 

Вечер прошёл очень интересно, живо, весело. Все участники остались довольными и получили  ответы на свои вопросы. 

 Хочется пожелать , чтобы  почаще проводили  таких мероприятия.

<!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE MicrosoftInternetExplorer4 <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:10.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif";}

Похожие публикации:

15 наурыз 2017 Статьи
15 наурыз 2017 Мақала
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив