Іс-шаралар » Страница 64 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Страница 64
"Жазғы мектеп"  2021
26
мамыр
2021
"Жазғы мектеп" 2021
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында "Жазғы мектеп" бойынша 2021 жылдың 26 мамыр күнінен бастап ата-аналардың өтініші негізінде мектепке келіп білім алушыларымыз өз білімдерін жетілдіруде. Шектеу шаралары кезінде жіберілген сабақтардың орнын толықтыру мақсатында сабақты пән мұғалімдері әртүрлі әдіс-тәсілдермен өткізіп, зертханалық жұмыстар жүргізуде. 
"Аттандық бала шақтан болашаққа", "Тәуелсіз елдің ұланымыз тақырыптарында бастауышпен қоштасу сынып сағаттары
25
мамыр
2021
"Аттандық бала шақтан болашаққа", "Тәуелсіз елдің ұланымыз
25.05.2021 ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 4"Ә", "Б" сыныптарында "Аттандық бала шақтан болашаққа", "Тәуелсіз елдің ұланымыз тақырыптарында бастауышпен қоштасу сынып сағаттары өтті. Мақсаты: бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу; әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Сондай-ақ, білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Сабақ барысында оқушылар 4 жыл бойы алған білімдерін ортаға
"Тәуелсіздік ұландары" салтанатты жиыны
25
мамыр
2021
"Тәуелсіздік ұландары" салтанатты жиыны
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамасы негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, 2021 жылдың 25 - мамыр күні #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында "Тәуелсіздік ұландары" салтанатты жиыны өткізілді. Биылғы жылғы жиынға 32 мектеп мақтаныштары, болашақ әртүрлі мамандық иелері, бәсекеге қабілетті тұлғалар, "Алтын белгі" мен "Үздік аттестат" үміткерлер мен 20 жыл бұрын мектепті бітірген түлектер қатысты. Мектеп директоры Н. Койшиманова
"Су айдындарындағы қауіпсіздік" тақырыбында 1-11 сынып білім алушыларына кеңес беру сабақтары
24
мамыр
2021
"Су айдындарындағы қауіпсіздік" тақырыбында 1-11 сынып білім
24. 11.05.2021 жылы №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Су айдындарындағы қауіпсіздік" тақырыбында 1-11 сынып білім алушыларына кеңес беру сабақтары өткізілді. Мектеп әкімшілігі тарапынан ата-аналармен және білім алушылармен судағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп , судағы қауіпсіздік жадынамалары таратылды.  
"Кыз бала ұлттың айнасы, ар-намысы"  қыз балалар  жиналысы
21
мамыр
2021
"Кыз бала ұлттың айнасы, ар-намысы" қыз балалар жиналысы
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р. Бабижанованың,мектеп психологтары Р. Молдобекованың Ж. Черембаеваның, мектеп медбикесі Ж.Тоқтағұлдың ұйымдастырумен қыз балаларды инабатттылыққа, сыпайлыққа, әдептілікке тәрбиелеу мақсатында "Кыз бала ұлттың айнасы, ар-намысы" тақырыбында санитарлық талаптарды сақтай отырып 7 - 10 сынып қыз-балалары арасында жиналыс өткізілді.  
9, 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау, оқу жылының қорытындылары
20
мамыр
2021
9, 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау, оқу жылының
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 20.05.2021ж. #03-2841 хатына сәйкес ағымдағы жылдың 22 мамыр күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының мәжіліс залында 2021 жылдың 22 мамыр күні 2020-2021 оқу жылының қорытындысы туралы жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі мен 121 ата-ана (балалардың заңды өкілдері), педагогтар қатысты. Жалпыреспубликалық ата - аналар жиналысының мақсаты - ата-аналарды 2020 -2021 оқу жылының қорытындылары туралы
«RoboFestAqaralCup-2021» атты робототехникадан серіктес №5, №16, №14 мектептер арасында робототехника жарысы
15
мамыр
2021
«RoboFestAqaralCup-2021» атты робототехникадан серіктес №5, №16, №14
№5 Ақарал ЖОББМГ-ның №59 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 2021 жылдың 15 мамыр күні №5 Ақарал ЖОББМГ-сы базасында «RoboFestAqaralCup-2021» атты робототехникадан серіктес №5, №16, №14 мектептер арасында робототехника жарысы ұйымдастылып, «Робосуммо» бағыты бойынша 1 орын – Ашимова Қаламқас, 2 орын – Дүйсен Айдын, «Сызық бойымен жарыс» бағыты бойынша 1 орын - Құрманғали Әсемай, «Кегельринг» бағыты бойынша 3 орын – Ермекбай Аяулым, «3D жобалау Sketchup»
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша рейд жұмысы
10
мамыр
2021
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша рейд жұмысы
Мамырдың 7-8-9 күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында, №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында кезекшілік кестеге сәйкес, рейд мүшелері аудан кафелеріне және ауылдық аймақтағы дүкендерге, көшелерге рейд жүргізді. Рейд барысында қараусыз-қадағалаусыз жүрген жасөспірімдер анықталған жоқ.  
"Құқықтық тәрбие - құқықтық мемлекет негізі"
09
мамыр
2021
"Құқықтық тәрбие - құқықтық мемлекет негізі"
Жамбыл облыстық "Педагог мәртебесі"журналының N2,3 санына №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы директорының құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Айтбаев Ғабит Күмісбекұлының "Құқықтық тәрбие - құқықтық мемлекет негізі" материалы жарияланды. 
"Ұранды елдің - ұрпағы қайсар", " Жеңісті жақындаткан жауынгер ерлігі", "Ерлік даңқы ешқашан өшпейді" және "Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс" тақырыбында танымдық сабақтар
08
мамыр
2021
"Ұранды елдің - ұрпағы қайсар", " Жеңісті жақындаткан жауынгер
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында ағымдағы жылдың 6 - 8 мамыр күндері Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай 1 - 10 сыныптар арасында "Ұранды елдің - ұрпағы қайсар", " Жеңісті жақындаткан жауынгер ерлігі", "Ерлік даңқы ешқашан өшпейді" және "Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс" тақырыбында танымдық сабақтар өткізілді. "Отан үшін күрес, елге тиген үлес", дейді дана халқымыз. Сондықтан да майданда мерт болғандар мен елге келіп бейбіт еңбекте де жасампаз істерімен дараланған аға ұрпақ