Іс-шаралар » Страница 87 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Страница 87
Құқық   бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында өткен дөңгелек үстел
23
қазан
2019
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында өткен дөңгелек
23 күні   Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры, мектеп инспекторы Е. Тупековтың қатысуымен  8-11 сынып оқушылары арасында  «Заң және жаза» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мектеп  инспекторы Е.Тупеков ұрлық, зорлық-зомбылық, бопсалау, қысым  көрсету сияқты   қылмыс пен   құқық бұзушылық фактілерінің түбі, заң  аясында   жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсіндірме мәліметтер айтып өтті.
Мектеп  инспекторы Е. Тупеков құқық  бұзушылықтың алдын алу бағытында өткізген қазан айында өткен іс-шаралар есебі туралы   инспекторы Е. Тупеков құқық  бұзушылықтың алдын алу бағытында өткізген қазан айында өткен іс-шаралар есебі туралы
23
қазан
2019
Мектеп инспекторы Е. Тупеков құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында
23 күні   Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТаға инспекторы полиция майоры, мектеп инспекторы Е. Тупековтың қазан айында  атқарған жұмыстары туралы  есебі тыңдалды. Жиынға  мектеп директоры   Н. Койшиманова, директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Ғ. Айтбаев, 9   қамқоршылық кеңес  мүшелері қатысты. Өз есебінде мектеп инспекторы Е.Тупеков өткізілген іс-шаралар туралы баяндады. Кеңес мүшелері атқарылған жұмыстар нәтижесіне қанағаттанарлық деген баға берді.
«Ерлік-елге мұра, ұрпаққа өнеге» атты кездесу кеші
21
қазан
2019
«Ерлік-елге мұра, ұрпаққа өнеге» атты кездесу кеші
      2019 жылдың 21-ші қазанында «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа өнеге» атты Ұлы Отан соғысының ұрпақтарымен кездесу өткізілді.Кездесу мақсаты: Тәрбиеленушілерді отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу: жеңістің салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып оқушыларды Отанды қорғауға,ерлік істерге тағзым етуге,батыл да батыр, ержүрек болуға үйрету, елін, жерін, Отанын қорғай білуге үйрету.     Бұл кездесуге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Сыйлыққа кітап" атты ерікті түрде кітаптар өткізу акциясы
17
қазан
2019
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Сыйлыққа кітап"
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында мектеп кітапханашысы Г.Маделиеваның ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Сыйлыққа кітап" атты ерікті түрде кітаптар өткізу акциясы өткізілді.Акцияға 1-11сынып оқушылары қатысты.Оқушылар үлкен қызығушылықпен кітапхана қорын толықтыруға атсалысты.Сондай-ақ мектеп директоры Н.Койшиманова акцияның ашылуымен құттықтап, мектеп кітапханасына бірнеше кітаптарды сыйлыққа тарту етті.
7-11 сыныптар арасында "Қыз болашағы-ел болашағы" атты іс-шара
11
қазан
2019
7-11 сыныптар арасында "Қыз болашағы-ел болашағы" атты іс-шара
2019 жылғы 4-14 қазан аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясымен қыздардың құқықтарын және бүкіл әлемде олардың тап болатын мәселелердің ерекшеліктерін мойындау белгісі ретінде жарияланған Халықаралық қыздар күніне арналған онкүндік республикамызда өткізілуде. Осыған орай №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 11 қазан күні қыздардың құқықтарын іске асырудағы проблемалық мәселелер бойынша 7-11 сыныптар арасында "Қыз болашағы-ел болашағы" атты іс-шара өткізілді. Іс-шарада 2сынып білім алушысы
"Абай мұрасы - ұрпаққа ұлағат" атты тақырыптық көрме
01
қазан
2019
"Абай мұрасы - ұрпаққа ұлағат" атты тақырыптық көрме
01.10.2019ж №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында мектеп кітапханашысы Г.Маделиеваның ұйымдастыруымен Ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Абайдың өмірбаянымен, әндерімен және қарасөздерімен таныстыру мақсатында оқушыларға арналған "Абай мұрасы - ұрпаққа ұлағат" атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
"Бүгін ағылшын тілінде сөйлесейік" атты акциясы
25
қыркүйек
2019
"Бүгін ағылшын тілінде сөйлесейік" атты акциясы
№5Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 25.09.2019ж "Бүгін ағылшын тілінде сөйлесейік" атты акциясы өтілді.  Оқушылардың ағылшын тілін жетік білу, сөздік қорын молайту, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында "Twelve months" ертегісі қойылды. Қойылымға 5-7 сыныптардан 37 білім алушы қатысты. Акция барысында мұғалімдер әртүрлі ресурстарды қолдана отырып, оқушыларға коммуникативтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік берді.
"Тіл-адам ойының айнасы" тақырыбындағы кітапханалық сабақ
23
қыркүйек
2019
"Тіл-адам ойының айнасы" тақырыбындағы кітапханалық сабақ
№5Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназия кітапханасында жас ұрпақтың тіліне деген сүйіспеншілігін,қызығушылықтары мен ұмтылыстарын арттыру,балалардың дүниетанымын кеңейту мақсатында 23.09.2019ж. 9"А" сыныбымен кітапханада "Тіл-адам ойының айнасы" тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді.Сабақта оқушылар Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер"поэмасы мен Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесін "мозайка" тәсілі арқылы талқыға салды.
"Мәңгілік ел-мәңгілік тіл" тақырыбында онкүндігінің ашылу салтанаты мен бастауыш сыныптардың "Тіл-таусылмайтын байлығым " атты ертеңгілік
19
қыркүйек
2019
"Мәңгілік ел-мәңгілік тіл" тақырыбында онкүндігінің ашылу салтанаты
 №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 18-19 қыркүйек күндері ҚР халықтарының тілдер мерекесі күні қарсаңында "Мәңгілік ел-мәңгілік тіл" тақырыбында онкүндігінің ашылу салтанаты мен бастауыш сыныптардың "Тіл-таусылмайтын байлығым " атты ертеңгілік өткізілді. Әрбір тұлғаға түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін үйрету, ұлттық құндылықтарымызды болмысына сіңіріп, туған тілі мен атамекенді қадірлеуге, ізгілік пен қайырымдылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында нақыл сөздер,
«Адалдық дүкені» бойынша  іс-шаралар
13
қыркүйек
2019
«Адалдық дүкені» бойынша іс-шаралар
Мектепте біртіндеп сенім ахуалын құруға және жастарға өздерін адал адам ретінде танытуға мүмкіндік беретін  сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың күшейту мақсатында әр аптаның жұма күнінде «Адалдық дүкені» бойынша  іс-шаралар жүргізіледі. Жоғарыда аталған жұмыстар   балалардың   қоғамдағы өмiрге даярлығын,  қоғамдық адамгершілік дағдыларын дамытады.  Атап айтар болсақ 9 «ә» сынып білім алушысы Д.Серік түрлі-түсті қаламдар, 10«а» сынып оқушылары З.Қыдырбекова мен С.Ганиұлы және 11 «а» сынып