02
қыркүйек
2021
2021 - 2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы»
02.09.2021ж. #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының әдістемелік кеңесінің мүшелерімен кезектен тыс отырысы өткізіліп, ағымдағы жылдың 31 тамыздағы «Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында дәстүрлі (штаттық) 2021 - 2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» #444 бұйрығының қосымшасымен танысып, талдау жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылғы әдістемелік нұсқаулықтағы оқу - тәрбие үрдісі санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, штаттық форматта оқытуға оңтайлы жағдайлар жасалу қажеттілгі айтылған. Сабақтар арасындағы үзіліс уақытын барынша алшақтату, «1 сынып - 1 кабинет» принципі, көпшілік іс - шаралар тоқтатылып, спорттық жарыстар таза ауада және желдетілетін спорт залда өткізілу, нақты уақыт режиміндегі (стриминг) сабақ құрылымын басшылыққа алынатыны түсіндірілді. Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша негізгі критерийлерді басшылыққа алып, білік пен оқу - танымдық қызмет дағдыларының қалыптастыру жұмыстары көзделді. Директордың оқу - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Бабижанова