28
қыркүйек
2021
"Жас мамандарға тәлімгерлік бекіту туралы"
№5Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы 2021 жылдың тамызындағы "Жас мамандарға тәлімгерлік бекіту туралы" №171 бұйрық негізінде тәлімгер Гулбағира Наушабаеваның жетекшілігімен тәлім алушы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, жас маман Мария Тұрсынханқызына жас маманның табысты бейімделуі үшін ұйымдастыру-әдістемелік жағдай жасау, біліктілік қызметін де сәтті пайдалану үшін жас маманның кәсіптік білімімен дағдыларын қалыптастыру мақсатында әдістемелік көмек көрсетті.Білу бар жерде үйрену бар. Оны іске асыру бір бөлек. Мектептегі тәжірбиелі ұстаздардан үйренген әдіс - тәсілдердің маңызы өте зор. Мұғалім болып мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап өмір бойы білім алу , өмір бойы үйрену бұрынғыдан артпаса кемімейді.Оқушыларға білім беру басты міндетіміз сияқты, үйрену де оқу да басты міндетіміз болып табылады. Артық білген ешқашанда артық етпейді.