24
тамыз
2022
Математика, информатика пәні әдістемелік бірлестігінің І-ші отырысы
24.08.2022ж №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында Математика, информатика пәні әдістемелік бірлестігінің І-ші отырысы болып өтті. Бірлестік отырысында 2022-2023 оқу жылында пәндер бойынша оқытудың ерекшеліктері талданды. "Математика, "Алгебра", "Алгебра және анализ бастамалары" және "Геометрия" пәндері бойынша үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгеріс 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрықпен бекітілген жылдық оқу жүктемесінің көлемі 180 сағат болып өзгертілді. Информатика пәні бойынша оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығына сәйкес "Информатика" пәндерін оқыту кезінде сыныпты екі топқа бөлу сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болған кезде жүзеге асырылатындығы және 1 сыныпта "Цифрлық сауаттылық" пәнін оқытуда сынып бөлінбейтіндігі, 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі 36 сағатты құрайтындығы туралы айтылды. Бірлестік жетекшісі:Э.Жаксыбаева.