25
тамыз
2022
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің бірінші отырысы
25.08.2021 жылы № 5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің бірінші отырысы өткізілді.Отырыс барысында әдістемелік нұсқау хат талқыланып, биылғы жылдың ерекшеліктері аталып өтті.Жаңа оқу жылында жазғы демалыс бір аптаға қысқаратыны, мектептер бескүндік оқу аптасына ауысатыны, алдағы оқу жылында 1 сыныптарда орыс тілі пәнін оқымайтыны туралы айтылды. 2022 жылғы атаулы даталар мен мерейтойлар аясында түрлі іс - шаралар өткізуге жоспарланды.Сонымен қатар күнтізбелік - тақырыптық жоспарлар қаралып, талқыланып, бекітуге ұсынылды.