02
наурыз
2023
«Үздік ауыл мұғалімі» республикалық конкурсы
Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Ауыл мектебінің қазіргі жағдайы: мәселелері мен шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында ауылдық педагог қызметкерлерін анықтау, қолдау және көтермелеу, мұғалім мамандығының беделін арттыру мақсатында өткізілген онлайн «Үздік ауыл мұғалімі» республикалық конкурсына информатика мен бастауыш сынып мұғалімдері Э.Жақсыбаева, Р.Бабижанова қатысып сертификатталды.
Ауылдық мектептердегі білім беру үдерісін жетілдіру, білім алушылардың білім сапасын арттыру үшін оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында конференцияның «Ұлттық құндылықтар мен soft skills» бағытында директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары ретінде Райхан Жолдасовна 7-ші ашық алаңда өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Педагогтер шағын жинақталған мектептерді дамыту және қолдау перспективаларын, «қала-ауыл» оқыту саласының алшақтығын қысқарту мәселелерін, функционалдық сауаттылықты, кәсіби бағдарлануды дамытуға, педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған білім беру қызметінің өзекті мәселелерін талқылады.