Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Бабижанова Райхан Жолдасқызы, 1974 жылы сәуірдің 3-ші жұлдызында Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында туып өстім. 1979 жылдан 1981 жылға дейін «Қызыл Октябрь» ауылы «Жұлдыз» балабақшасында тәрбиелендім. 1981 жылы №5 «Қызыл Октябрь» мектебінің алғаш табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа бардым. Онжылдық мектепті 1991 жылы аяқтадым. Сол жылы Түркістан қаласындағы индустриалды – педагогикалық техникумның студенті атандым. 1995 жылы оқу орнын «үздік» дипломмен тәмәмдәп, осы жылдың қыркүйек айында №5 Ақарал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі ретінде қабылдандым. Жұмыс барысында өз білімімді жетілдіру үшін 1999 жылы Қырғыз мемлекеттік университетіне (бастауыш сынып оқытудың педагогикасы мен әдістемесі) бөліміне түстім. 2001 жылы осы мамандық бойынша Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтына ауыстым. 2002 жылы аталған оқу орнын «бастауыш сынып мұғалімі және педагогикалық колледж оқытушысы» мамандығын иеленіп шықтым. 1995 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін №5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінің ұстаздар ұжымында жұмыс істеп, 2008 жылы 17 қарашасынан мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде лауазымдық қызметті атқарып, 2021 жылдың 16 тамызынан бастап директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне ауысты.