Мектеп тарихы
№5 Ақарал орта мектебі, Қазақстандағы ұжымдастырудың қасіретінен аштықтың басталуы етек алып, мектептің ашылуы сол уақытпен тұспа-тұс келді.
1930 жылы Меркі ауданының «Қызыл Октябрь» ұжымшарында үшжылдық мектеп таудың етегінде мешіт ғимаратында орналасты. Мектеп теміржол бойындағы ғимаратқа 1931 жылы көшірілді.
1939 жылы Абдіқалықов Мәлік «Қызыл Октябрь» ұжымшарына мектеп салып берді.Сол уақыттан бастап үшжылдық мектеп жетіжылдық болды.
1976 жылы «Қызыл Октябрь» кеңшарының директоры С.А.Смурыгин бір жарым жылдың ішінде үш қабатты жаңа мектеп тұрғызып берді. Ауыл тұрғындарының мектеп құрылысына қосқан үлесі мен еңбегі зор.
1976 жылдан бастап №5 мектеп 10 жылдық қазақ-орыс аралас мектеп болды.Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдан бастап №5 «Ақарал» орта мектебі таза қазақ мектебі статусын алды.
2018 жылы 13 тамызда №308 қаулысы негізінде №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы статусын алды.
Мектепте 2023-2024 оқу жылында барлығы 70 мұғалім дәріс береді