№19 және №30 мектептерімен бірлескен «PISA халықаралық зерттеулер тапсырмаларын Google forms платформасы арқылы енгізу жолдары» атты іс - тәжірибе алмасу ашық алаңы » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » №19 және №30 мектептерімен бірлескен «PISA халықаралық зерттеулер тапсырмаларын Google forms платформасы арқылы енгізу жолдары» атты іс - тәжірибе алмасу ашық алаңы
13
наурыз
2023

№19 және №30 мектептерімен бірлескен «PISA халықаралық зерттеулер тапсырмаларын Google forms платформасы арқылы енгізу жолдары» атты іс - тәжірибе алмасу ашық алаңы

2023 жылдың 10 наурызында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында серіктес №19 және №30 мектептерімен бірлескен  «PISA халықаралық зерттеулер тапсырмаларын Google forms платформасы арқылы енгізу жолдары» атты іс - тәжірибе алмасу ашық алаңы өткізілді. Аталған іс - шара директордың ғылыми - әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Р.Бабижанова 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысының 2-міндетіне сәйкес халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстары күн тәртібінен түспейтін мәселе екенін айтты. "Мектептерге арналған PISA зерттеушінің ерекшеліктері: мазмұны мен өзектілігі" тақырыбында #19 мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Сейділдаева іс-тәжірибесімен бөлісіп ақпараттық дайджест жүргізді.
#5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының  информатика пәні мұғалімі Э.Жаксыбаева халықаралық зерттеу тапсырмаларын  Google формада жасаудың қаншалықты тиімді екенін, оқушылар жұмысының нәтижесін оңай алуға болатынын, әсіресе жаратылыстану бағытындағы пәндерге ортақ тапсырмалар қорын жасауға ыңғайлы екенін түсіндіріп, жасау жолдарымен таныстырды. Серіктес №19 Сыпатай Әлібекұлы атындағы  және  №30 Байсейіт Жылкелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектептерінің  PISA, TIMSS, PIRLS зерттеулеріне дайындық жұмыстарын жүргізетін мұғалімдер  қатысып,  4-10 сынып білім алушыларға арналған  PIRLS зерттеуінің мәтіндерін Google формада жасап ұсынуға болатыны түсіндірілді. А.Асанкулова мен Э.Жаксыбаева пән мұғалімдеріне тапсырмаларды Google формада жасаудың әр қадамын көрсетіп қана қоймай, басқа да интернет платформаларын қолдануды көрсетті.  
Қатысқан пән мұғалімдері  ноутбукпен тест құрастырып өзара іс-тәжірибе алмасты. Іс-шара соңында  барлық қатысушылар Padlet тақтасы арқылы кері байланыс жасады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив