17
мамыр
2023
«Ғылымды бірге ашамыз» ғылыми жобалары шеруінің мектепішілік іріктеу кезеңі
Жуырда бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен 2-4 бастауыш сынып білім алушылардың зерттеу жұмыстарына қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту, өмірлік және азаматтық көзқарастарын қалыптастыру мақсатында «Ғылымды бірге ашамыз» ғылыми жобалары шеруінің мектепішілік іріктеу кезеңі өткізілді.
Балалардың танымдық белсенділігін қолдау үшін жағдай жасау, қарапайым зерттеулер жүргізуге қызығушылығын арттыру, коммуникативтік, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын және командада
жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға арналған іс - шарада гуманитарлық және жаратылыстану - математикалық бағытта 10 білім алушы қатысып жұмыстарын қорғады. Нәтижесінде директордың ғылыми - әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары мен «Жас ғалым» ОҒҚ мүшелері қатысушыларға тақырыпты таңдау кезінде жас ерекшелігі ескеру, дайындықтарын күшейту, зерттеу нысаны дәлелдемелерін қосу, жұмысты қорғау уақытын тиімді пайдалану қажеттілігі түсіндірілді. Үздік жұмыстар екінші кезеңге іріктеліп, шығармашылық топтың онкүндігінде қорғалатын болды. Жауапты әдістемелік бірлестік жетекшісі Ш.Ермаханбетова