23
ақпан
2024
Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлымен республикалық мектеп директорларының семинары
Ақпан айының 23-ші жұлдызында Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлымен республикалық мектеп директорларының семинары өтті.
Кездесу барысында орта білім берудің өзекті мәселелері мен озық тәжірибені таратуға арналған «Заманауи мектепті басқару: трендтер мен болашақ» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Жоғары деңгейде өткізілген іс-шарада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жайлы орта құру, цифрландыру, тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыру, инклюзивті білім беру және т.б. мәселелер туралы тың ақпараттар берілді.
Кездесуде TEDx форматында республикалық кадрлық резерв арқылы директорлық лауазымға конкурссыз тағайындалған әріптесіміз ой бөлісті.
Кездесуге барлығы 800-ге жуық мектеп, білім бөлімдері мен басқармаларының басшылары қатысты. Семинарда менеджердің басқару құзыреттері, кадрлық әлеуетті дамыту, НҚА қабылдайтын және білім беру саласындағы маңызды басымдықтар бойынша тәжірибе алмасып, маңызды сұрақтар қозғалды.