31
тамыз
2024
2024-2025 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспарын бекіту
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясы директоры Н.Конкабаевтың жетекшілігімен педагогикалық кеңес өткізілді. Алқалық кеңестің күн тәртібінде:
✓ ҚР "Білім туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартын орындау барысындағы 2023-2024 оқу жылының қорытындысы.
2024-2025 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспарын бекіту
Цифрландыру жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
✓ 2024-2025 оқу жылында "Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хатпен, "Жасанды интеллектті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен" таныстыру
✓ Мектептің 2024-2025 оқу жылының жұмыстық оқу жоспарын, мұғалімдердің жүктемелерін бекіту
✓ Әлеуметтік жағдайы бойынша білім алушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі
✓ Бағдарлы сыныптарға білім алушыларды іріктеу, қабылдау жұмыстарын жүргізу
✓ Гимназия сыныптарындағы оқу процесінің
ұйымдастырылуы
✓ Мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын және инклюзивті білім алушылардың оқытылуын ұйымдастыру
✓ Мектептің ішкі тәртібі, "Білім беру мазмұны мен сынып сағаттары арқылы құндылықтарды енгізу" бағдарламасымен таныстыру, мектеп әкімшілігі, қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бекіту. Әкелер, аналар кеңесінің, ұлдар және қыздар клубтарының ережелерін бекіту мәселелері қаралып қаулы шығарылды.