19
қыркүйек
2023
«2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаттағы іс-шараларды жүзеге асыру
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында әдістемелік кеңес өткізілді. Кеңес отырысына мектеп әкімшілігі, бірлестік жетекшілері мен жас маман клубы шығармашылық топ жетекшілері қатысты. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер тыңдалды:
- Өткен оқу жылына талдау, жаңа оқу жылына міндеттері туралы
- 2023-2024 оқу жылына арналған ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары, әдістемелік бірлестік жоспарлары мен айлық кестелерін құру
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаттағы іс-шараларды жүзеге асыру
- Шығармашылық топтың жылдық жоспары бойынша атқарылатын жұмыстары туралы
-«Жас жалын» кәсіби-тұлғалы жас мамандар мектебінің жылдық жұмысы туралы
- Халықаралық зерттеулері TIMSS, PISA және PIRLS-ке дайындық барысын ұйымдастыру жұмыстары
-Мұғалімдердің күнтізбелік жоспарын жасалуы, оның бағдарламаға сәйкестігі, курстардың жоспарларын тексеру мен әртүрлі мәселелер қаралды.
Жауапты: директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Бабижанова