25
тамыз
2023
Ағылшын тілі пәнінің әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы
25.08.2023ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі А.Атамкулова өткен оқу жылына талдау жасап, "2023-2024 оқу жылында Қ.Р-ның орта білім беру беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хат бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырып өтті.
2023-2024 оқу жылының незізгі ерекшеліктері:
-жоғары сыныптарда ағылшын тілінен оқу жүктемесі 1сағатқа артады;
-үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты күшейту;
-педагогтерге арналған "Цифрлық кітапхана" жобасын жүзеге асыру;
- "Үздіктен үйрен" жобасын іске асыру: "Үздік педагог" байқауы жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін дәріптеу.
Отырыс барысында мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары мен курс тақырыптары талқыланып, бекітуге ұсынылды. Бірлестік мүшелері нормативтік құжаттар, білім берудегі тенденциялар бойынша өз пікірлерін ортаға салып өтті.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі А.Атамкулова