25
тамыз
2023
Көркем еңбек, дене шынықтыру, АӘжТД, музыка әдістемелік бірлестігінің І отырысы
25.08.2023ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының көркем еңбек, дене шынықтыру, АӘжТД, музыка әдістемелік бірлестігінің І отырысы өткізілді. ДОӘЖО Р. Бабижанова бірлестіктің спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларды дамыту, білім алушылардың әскери-патриоттық және шығармашылық танымдық қызығушылықтарын арттыру бойынша межелі жоспармен таныстырды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі А.Уалиева өткен оқу жылында атқарылған іс- шараларға талдау жасап, "2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хат жобасы бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырып өтті. "Көркем еңбек " пәні бойынша ерекшеліктер: 1-2-сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндерін, 3-4-сыныптарда – «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін оқыту жалғасады. 5- 9 сыныптарда- "Көркем еңбек" кіріктірілген пәнін оқыту жалғасады. Сондай-ақ, мұғалімдердің күнтізбелік тақыраптық жоспарлары мен үйірме тақырыптары талқыланып, бекітуге ұсынылды. Бірлестік мүшелері нормативтік құжаттар, білім берудегі тенденциялар бойынша өз пікірлерін ортаға салып өтті.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі: А .Уалиева