24
тамыз
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәні әдістемелік бірлестігінің алғашқы отырысы
24.08.2023ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәні әдістемелік бірлестігінің алғашқы отырысы өткізілді. ДОӘЖО Р. Бабижанова бірлестіктің сапалық құрамын нақтылап, жаңа оқу жылына міндеттер айқындады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі Г. Наушабаева өткен оқу жылына талдау жасап, "2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хат жобасы бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырып өтті:
- негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10-сынып) білім беру деңгейлерінде академиялық жылды аяқтаған соң қазақ тілінен емтихан тапсыру;
- үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты күшейту;
-мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру.
Сонымен қатар, мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары мен курс тақырыптары талқыланып, бекітуге ұсынылды.
Бірлестік мүшелері нұсқау хатта енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға өз ойларын қосып, пікір алмасты.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Г. Наушабаева