23
тамыз
2023
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің алғашқы отырысы
23.08.2023ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің алғашқы отырысы өткізілді. ДОӘЖО Р. Бабижанова бірлестіктің сапалық құрамын нақтылап, жаңа оқу жылына міндеттер айқындады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі Ш. Ермаханбетова өткен оқу жылына талдау жасап, "2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хат жобасы бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырып өтті: 1-2-сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндерін, 3-4-сыныптарда – «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін оқыту жалғасады.
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында «Әліппе», «Ана тілі» пәндері оқытылады,
2-сыныбында «Орыс тілі» пәнін оқыту басталса, «Шетел тілі» оқу пәні 1-2-сыныптарда оқытылмайтыны жөнінде айтып өтті. Алдағы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты күшейту қажеттілігіне баса назар аударды. Сондай-ақ, мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары мен курс тақырыптары талқыланып, бекітуге ұсынылды. Бірлестік мүшелері нормативтік құжаттар, білім берудегі тенденциялар бойынша өз пікірлерін ортаға салып өтті.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Ш.Ермаханбетова