27
тамыз
2024
Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы
27.08.2024ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы өткізілді. Бірлестік жетекшісі К.Калманбетова күн тәртібіндегі мәселелер бойынша "2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хатпен таныстырып, жаңа оқу жылының ерекшеліктерін айтып өтті.
Сонымен қатар оқу- тәрбие процесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын нормативтік құжаттарды атап, білім беруде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдануға баса назар аударды. Білім алушылардың цифрлық дағдылары мен құзіреттерін дамыту биылғы оқу жылындағы негізгі ерекшеліктер болып саналатындығын баса назарға алынды. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспары және мұғалімдердің күнтізбелік тақырыптық жоспарлары талқыланып, бекітуге ұсынылды.
Жаратылыстану әдістемелік бірлестік жетекшісі К.Калманбетова