27
тамыз
2024
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы
27.08.2024ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы өткізілді. ДОҒЖО Р. Бабижанова өткен оқу жылында жеткен жетістіктерді атап, жаңа оқу жылына міндеттер қойды. Бірлестік жетекшісі Ш.Ермаханбетова күн тәртібіндегі мәселелер бойынша "2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хатпен таныстырып, жаңа оқу жылының ерекшеліктеріне тоқталды:
-тілдерді кезең-кезеңмен оқыту шеңберінде 3-сыныптан бастап аптасына 2 сағат көлемінде "Шетел тілі" пәні енгізілетінін;
-3-сыныпта "Еңбекке баулу" және "Бейнелеу өнері" пәндері аптасына 1 сағаттан оқытылатынын;
-"Жаратылыстану" пәні 3-сыныпта аптасына 1 сағаттан, 4-сыныпта аптасына 2 сағаттан оқытылатынын ескеру қажет. Сонымен қатар оқу- тәрбие процесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын нормативтік құжаттарды атап, білім беруде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдануға баса назар аударды. Әдістемелік бірлестік мүшелері тілдік пәндер бойынша БЖБ, ТЖБ жүргізуге қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспары және мұғалімдердің күнтізбелік тақырыптық жоспарлары талқыланып, бекітуге ұсынылды.
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісі Ш.Ермаханбетова