29
қазан
2024
«Мұғалімдердің сенімді серігі: жасанды интеллект қосылған үздік жобалар» тақырыбында workshop
«DIGITAL 5 School» жобасы мен мектептегі күзгі каникул кезінде ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес: «Мұғалімдердің сенімді серігі: жасанды интеллект қосылған үздік жобалар» тақырыбында workshop өтті
29.10.2024ж. №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мұғалімдерге жасанды интеллект технологияларын қолданудың тиімді әдістерін таныстыру, оларды оқыту үрдісінде қалай қолдануға болатынын көрсету мақсатында мектеп директоры орынбасарлары Р.Бабижанова мен Д.Байтанаеваның ұйымдастырған workshop-та жасанды интеллект қосылған үздік жобалар таныстырылды.
Іс-шараның теориялық бөлімінде қатысушылар жасанды интеллект (АІ) технологияларының, оқыту платформаларының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оларды қолдану барысында тиімді жолдары талқыланды. Жасанды интеллект туралы түсініктері тыңдалып, жаңа тақырыпқа қатысты бірнеше мысалдар келтірілді.
Математика пәні мұғалімі Қ.Тәуекел мен бастауыш сынып мұғалімі А.Кайралапова жасанды интеллекттің мүмкіндіктері, мұғалімдер үшін пайдасы мен оқыту үрдісіне АІ құралдарын енгізудің маңызы туралы айтты. Мұғалімдерге MagicShool, ChatGPT немесе басқа мәтін генераторларымен сабақ жоспарын әзірлеу бойынша мысал келтіріп, құралдың қалай жұмыс істейтінін және сабақ жоспарын жасауда уақытты үнемдеуге көмектесетінін көрсетті.
Іс-шараның тәжірибелік бөлімінде қатысушыларға жасанды интеллектті қолдану арқылы тесттер немесе бағалау құралдарын жасау. Kahoot немесе Quizlet сияқты платформалар арқылы бағалаудың жаңа әдістерін қолдануды үйретті.
Қорытындысында қатысушылар өз пәндеріне арналған тест сұрақтарын жасап, топ арасында қолдануды үйренді. АІ арқылы визуал контент жасау, әңгіме немесе шығарма жазу үшін шаблондар мен идеялар әзірлеу, жасанды интеллект көмегімен идеялар мен иллюстрацияларды ұсынуға дағдыланды.
Болашақта жасанды интеллектпен жұмысты тереңдету үшін тағы қандай ресурстар қажет екені сұралып, workshop арқылы мұғалімдерге оқытудағы мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға арналған әдіс-тәсілдер ұсынылды.