07
қараша
2024
7-8 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының бірінші (мектепішілік) кезеңі
Білім алушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, оқушылардың қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейімдеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған білім алушыларды анықтау мақсатында 05-06.11.2024ж. #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Бабижанова ұйымдастыруымен "Жамбыл дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығының хатына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының бірінші (мектепішілік) кезеңі өткізілді. Мектептегі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика, информатика, физика, химия, биология, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы мен ағылшын тілі пәндерінен 7-8 сынып қатысушылары олимпиада ережесі негізінде 1 тур тапсырмаларын орындап, қорытынды нәтижесінде 19 білім алушы жоғары ұпай жинап, екінші (аудандық) кезеңге жолдама алды.