13
қараша
2024
5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының бірінші (мектепішілік) кезеңі
Білім алушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, дарынды балалармен жұмысты іске асыру мақсатында 12-13.11.2024ж. #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Бабижанова ұйымдастыруымен "Жамбыл дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығының хатына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының бірінші (мектепішілік) кезеңі өткізілді. Мектептегі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы мен ағылшын тілі пәндерінен 5-6 сынып қатысушылары олимпиада ережесі негізінде тапсырмаларын орындап, қорытынды нәтижесінде 12 білім алушы жоғары ұпай жинап, екінші (аудандық) кезеңге жолдама алды.