17
сәуір
2025
"Бастауыш сынып білім алушыларына арналған "Экософия"", "Геймификация және интерактивті мәтіндер арқылы білім алушылардың тілдік құзыреттілігін жақсарту" тақырыптарында инновациялық педагогикалық тәжірибелері
2025жылдың 17 сәуірінде Меркі ауданы білім бөліміне қарасты М. Әуезов атындағы мектеп-лицей базасында Жабыл облысы әкімдігінің білім басқарамасының оқу-әдістемелік орталығының 2025 жылғы 17 наурыздағы №234-Ө бұйрығы және оқу-әдістемелік орталығы жанындағы Сараптамалық кеңестің 2025 жылғы 14 наурыздағы №1 отырысының шешімі негізінде №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері Ш. Ермаханбетова "Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытудағы STEM-IDEA", Р.Бабижанова "Бастауыш сынып білім алушыларына арналған "Экософия"", М. Бекасилова "Геймификация және интерактивті мәтіндер арқылы білім алушылардың тілдік құзыреттілігін жақсарту" тақырыптарында инновациялық педагогикалық тәжірибелері облыс көлемінде таратылды. Іс-шараға Тұрар Рысқұлов, Шу, Талас аудандарының білім бөлімінің әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.




