30
сәуір
2025
Білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды енгізу арқылы оқу процесін автоматтандыру
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты — бұл Қазақстан Республикасында барлық білім беру ұйымдары ұстануға міндетті негізгі нормативтік құжат. 2025 жылы 30 сәуірде ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың 2025 жылдың 17 сәуірдегі берген тапсырмасын орындау мақсатында педагог–шеберлерге арналған онлайн семинар өтті. Семинар барысында жаңартылған стандарттың құндылыққа бағдарланған тәсілдері, инклюзивті білім беруді дамыту, білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды енгізу арқылы оқу процесін автоматтандыру көзделгендігі назарға алынды. Соның ішінде бастауыш білім беруде білім алушылардың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету, олардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, заманауи қоғам талаптарына бейімделуіне бағытталған және өмір бойы білім алуға дайын болуын қамтамасыз ету болып табылатындығы анық көрінді. Бұл өзгерістер еліміздің білім беру жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік беріп, оқушылардың өмірге бейімделуіне және заманауи қоғамның талаптарына жауап беруіне септігін тигізеді деген ойдамын.
Педагог-шебер: М.Бекасилова

