15
желтоқсан
2025
Академиялық адалдық лигасының "Адал білім-адал ұрпақ" атты республикалық форумы
Жуырда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бастамасымен Maqsut Narikbaev University-де Академиялық адалдық лигасының "Адал білім-адал ұрпақ" атты республикалық форумы өтті.
Форумға Агенттік төрағасы Д.Жазықбай, Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек, Оқу-ағарту министрі Ж.Сүлейменова, MNU Басқарма төрағасы Т.Нәрікбаев және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен білім беру ұйымдарының басшылары жиналды. Сондай-ақ, жоғарыда аталған іс-шараға мектебіміздің басшысы Г.Шаймерденова қатысты.
Шара барысында білім берудегі академиялық адалдықты қамтамасыз ету тақырыбында қызу талқылаулар өтті.
Бүгінде еліміздің білім беру саласында Әдеп құндылықтарын қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа немқұрайлы қарамауға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылып жатқаны туралы тілге тиек етті.
Форумға қатысушылар білім беру саласындағы жүйелі жұмыстар еліміздің болашақтағы тұрақты дамуының кепілдігі екенін баса айтты.
Іс-шара барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Ғылым және Жоғары білім, Оқу- ағарту министрліктері және Академиялық адалдық лигасы арасында білім беруде академиялық адалдықты қамтамасыз ету жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, Меморандумды іске асырудың 2026-2027 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді. Болашақта адал ұрпақ тәрбиелесек, адал қоғам болатынына кәміл сенеміз.Академиялық адалдық осындай дұрыс бағыт-бағдарды көздейтін ұтымды ұстаным.