24
мамыр
2021
«Адал ұрпақ» клуб мүшелерімен ZOOM платформасы арқылы бірлескен кездесу
2021 жылдың 24 мамыр күні білім басқармасының басшысы Г.Ходжабергенова, тәрбие кабинетінің меңгерушісі Г.Дарибаева мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің өкілі Р.Тулебаевтың ұйымдастыруымен Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы жалпы білім беретін мектептердегі «Адал ұрпақ» клуб мүшелерімен ZOOM платформасы арқылы бірлескен кездесу өткізілді. Аталған іс – шараға №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Бабижанова «Адал ұрпақ» еріктілер клубының негізгі міндеттерімен атқарылған мәдени іс – шаралар туралы және құқықтық білім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар туралы ақпарат беріп, диалогтық алаңдар, флешмобтар, кездесулер мен әлеуметтік мәнді шаралар ұйымдастырылғаны туралы айтты. 2020 – 2021 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы клуб белсенділері Е.Шарип, Г.Жайлау, Д.Бақытжан мен Ә.Қылшабай өзіндік пікірлерін айтып, мектептегі өзін – өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру қажеттілігін айтты.