08
қараша
2019
"Адал ұрпақ" ерікті клубтарының облыстық слеті
2019 жылдың 8 карашада Тараз қаласында рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыстық "Адал ұрпақ" еріктілер слетінде Мерке ауданынан №5 Акарал жалпы мектеп-гимназиясынан 10 қатысушыдан құрылған "Парасат" тобы қатысты. Слет барысында ең үздік үгіт бригадасының таныстырылуы бойынша Меркі, Байзақ ауданы мен №53 Қ.Тұрысов атындағы мектеп-гимназиясы додаға түскен болса, Талас пен Жамбыл ауданынан келген "Адал ұрпақ" еріктілер клубының қатысушылары жыл бойы атқарған жұмыстарын бейнероликтер арқылы көрсетті. Қорытынды бөлімінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетова мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев Меркі ауданын бағалы сыйлықтар мен дипломмен марапаттады.