15
қаңтар
2026
«Табиғат – менің зертханам» тақырыбында қарапайым тәжірибе алаңы
2026 жылдың 15 қаңтарында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 3–4 сынып білім алушыларымен «Сапалы білім – тиімді жоспар, нәтижелі сабақ» атты ашық сабақтар айлығы және эксперименталды алаң жоспарына сәйкес «Табиғат – менің зертханам» тақырыбында қарапайым тәжірибе алаңы ұйымдастырылды. Тәжірибе барысында білім алушылар ауаның бар екенін, оның көрінбейтінін, бірақ қозғалыс арқылы байқалатынын; судың мөлдір, сұйық күйде болатынын және пішінін ыдысқа қарай өзгертетінін; жарықтың заттарды жарықтандырып, көру мүмкіндігін арттыратынын тәжірибе жүзінде анықтай білді. Сонымен қатар, жарық пен заттардың өзара байланысын зерттеу арқылы көлеңкенің пайда болу жолдары түсіндірілді. Білім алушылар жарық көзі мен заттың арасына бөгет түскен кезде көлеңке пайда болатынын, көлеңкенің өлшемі заттың жарық көзіне жақын немесе алыс орналасуына байланысты өзгеретінін байқады. Бұл тәжірибелер оқушылардың бақылау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Жауапты: А. Суанкулова