«Білім беруде цифрлық трансформациялау жағдайында педагогтердің тиімді әдістері» тақырыбында шебер педагогтер, зерттеуші мұғалімдер және магистрлердің қатысуымен инновациялық тәжірибе алмасу алаңы » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » «Білім беруде цифрлық трансформациялау жағдайында педагогтердің тиімді әдістері» тақырыбында шебер педагогтер, зерттеуші мұғалімдер және магистрлердің қатысуымен инновациялық тәжірибе алмасу алаңы
19
наурыз
2026

«Білім беруде цифрлық трансформациялау жағдайында педагогтердің тиімді әдістері» тақырыбында шебер педагогтер, зерттеуші мұғалімдер және магистрлердің қатысуымен инновациялық тәжірибе алмасу алаңы

19.03.2026 ж. №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында шығармашыл топ жұмысының жоспарына сәйкес және «Digital AI-Teacher 5 school» жобасы аясында «Білім беруде цифрлық трансформациялау жағдайында педагогтердің тиімді әдістері» тақырыбында шебер педагогтер, зерттеуші мұғалімдер және магистрлердің қатысуымен инновациялық тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру үдерісінде заманауи цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқыту сапасын жетілдіру және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту болып табылады. Сонымен қатар, педагогтердің озық тәжірибелерін тарату, ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту және инновациялық әдістерді тәжірибеге енгізу көзделді.
Іс-шара барысында қатысушылар білім берудегі цифрлық трансформацияның өзекті мәселелерін талқылап, оқытудағы жаңа тәсілдер мен әдістердің тиімділігін тәжірибе жүзінде қарастырды. Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім алушылардың сыни ойлау, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын ұсынды.
Жоспарға сәйкес, педагог Ж. Алайдарова «Жаратылыстану пәндері сабақтарында дарынды балалардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін жетілдіру» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағаты барысында дарынды оқушылармен жұмыс істеудің тиімді әдістері, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдары, жобалық және тәжірибелік тапсырмаларды қолдану ерекшеліктері көрсетілді. Сонымен қатар, оқушылардың ғылыми ізденіске қызығушылығын арттыруға бағытталған практикалық тәсілдер ұсынылды.
Сондай-ақ, магистр М. Есенаманова «Ғылыми жұмысты жазуда жасанды интеллектті тиімді пайдалану» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Ол өз баяндамасында ғылыми зерттеу жұмыстарын жазу барысында жасанды интеллект құралдарын қолданудың мүмкіндіктерін, ақпаратты іздеу, талдау, жүйелеу және академиялық мәтін құрастырудағы тиімді жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, жасанды интеллектті қолданудағы академиялық адалдық қағидалары мен этикалық нормаларға ерекше тоқталды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Ұйымдастырылған тәжірибе алаңы педагогтердің кәсіби дамуына оң әсерін тигізіп, алдағы уақытта цифрлық білім беру бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге негіз болды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив