21
қыркүйек
2019
"Жаңа тұрпатты мұғалім және оның кәсіби мәдениеті" тақырыбындағы дөңгелек үстел
№5Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 21.09.2019ж жас мамандар жетекшісі Г.Садирмекованың ұйымдастыруымен "Жаңа тұрпатты мұғалім және оның кәсіби мәдениеті" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету, оларға әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтардың кәсіби мәдениеті мен құзіреттілігін дамыту мақсатында "Мен-үйде, мен-жұмыста" тренингісі, "Мюнстерберг" әдістемесі, "Нағыз ұстаз моделі", "Сиқырлы кілт" әдісі, "Сіз қандай мұғалімсіз?" тест-диагностика құралы пайдаланылып, жас педагогтардың шәкірт үшін биік тұлға екендерін және бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген ұстаз екендіктерін байқатты.