Cабақты зерттеу жобасы аясында зерттеу үдерісінің І цикл қорытындысы
06.01.2020 жылы №3 педагогикалық кеңесте сабақты зерттеу жобасы аясында зерттеу үдерісінің І цикл қорытындысы талданды. Мектепте қараша айында мұғалімдердің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде дамыту мақсатында 3 сабақты зерттеу топтары құрылып, үдеріске 15 мұғалім қамтылды. Бірінші сабақты зерттеу тобы 8ә сыныбын «Топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын қаншалықты арттыра аламыз?», СЗ-2 тобы «Сын тұрғысынан ойлау әдістері арқылы оқушының ынтасын қаншалықты арттыруға болады?», СЗ-2 тобы «Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі жүргізу арқылы білім сапасына қаншалықты әсер етуге болады?» зерттеу проблемасы ауқымында оқушының әрекетін бақылап, олардың қалай оқитындықтарына назар аударып, оқушылармен сұхбаттасып, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындап, қорытындыларымен таныстырды. Фокус мүшелері өз тәжірибелерін постер түрінде жариялап, келесі айналымның мақсатымен бөлісті.