12
ақпан
2020
"Оқытудың тиімді әдістері" тақырыбында үздік сабақтар онкүндігі аясында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Самбетова Гулзира Оразаевна 7ә сыныбымен "Как склоняются составные порядковые числительные" тақырыбында шеберлік сабағы
12.02.2020ж гимназиямызда озат тәжірибелі ұстаздардың "Оқытудың тиімді әдістері" тақырыбында үздік сабақтар онкүндігі аясында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Самбетова Гулзира Оразаевна 7ә сыныбымен "Как склоняются составные порядковые числительные" тақырыбында шеберлік сабақ көрсетті. Сабақ барысында қатысып отырған жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С.Сеитова мен жас маман жетекшісі Г.Садирмекова сабақ құрылымындағы оқу мақсаттары сапалы оқытуға және жүйелі іс-әрекет тәсілін жүзеге асыруға ықпал етуі бойынша және сабаққа қатысу дәптеріне қалай жазу керектігі түсіндіріліп отырды. Сабақ аяқталғаннан кейін Г.Самбетова қысқа мерзім бойынша толық түсінік беріп өтті. Қатысқан ұстаздар өзінің кәсіби өсуі мен дамуы үшін, өзінің оқыту практикасында нені жақсарту керек екенін айта отырып, жазбаша түрде кері байланыс жасады.