02
ақпан
2022
"Ақарал - Прогресс" кәсіби қоғамдастығының үйлестіруші тобымен "Сабақты зерттеу нәтижесі қандай?" тақырыбында дөңгелек үстел
02.02.2022 ж. ✓5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында "Ақарал - Прогресс" кәсіби қоғамдастығының үйлестіруші тобымен "Сабақты зерттеу нәтижесі қандай?" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Зерттеу жүргізген топ модераторлары Г.Самбетова, Ж.Алайдарова, А.Атамкулова, Ш.Ермаханбетова, М.Бекасилова зерттеген сыныптарындағы әдіс - тәсілдердің тиімділігін, бақылауға алынған оқушының іс - әрекеттерін, жеткен жетістіктерін айтып талдады. Дөңгелек үстелге қатысушылар сабақты зерттеу - оқыту сапасына, мұғалім жұмысының ілгерілеуіне оң әсерін тигізетінін, жоғары нәтижеге жеткізетіні айтты. Жауапты: "Ақарал Прогресс" қоғамдастығының жетекшісі Г. Самбетова