02
наурыз
2022
"Ақарал-Прогресс"кәсіби қоғамдастығының жоспарына сай "Ұшқыр ой" тақырыбында жас ұстаздарға ақпараттық сессия
02.03.2022 күні #5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп - гимназиясында "Ақарал-Прогресс"кәсіби қоғамдастығының жоспарына сай "Ұшқыр ой" тақырыбында жас ұстаздарға ақпараттық сессия жүргізілді. Қоғамдастық жетекшісі Г.Самбетова дәрістің мақсатымен таныстырып, пәндерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екеніне тоқталды. Жас ұстаздармен өз әдістерімен бөліскен шебер ұстаздар М.Бекасылова,Г.Садирмекова, Э.Жақсыбаева, Ә.Имангалиева әдістердің тиімді тұстарын айтып өтті. Информатика пәнінің мұғалімі Э.Жақсыбаева "Кіру-шығу билеті "әдісін ұсына отырып, бұл әдістің сабақтың барлық кезеңдерінде пайдалануға тиімді екенін айтты. Бастауыш сынып мұғалімі М.Бекасилова "Домино" әдісі арқылы білімалушылардың сұрақ қою,сұраққа жауап беру, ойлау қабіблетін дамытып, пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді деді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ә.Имангалиева "Flippity" әдісін ұсынды,бұл әдістер сабақтағы тақырыпты ашуға,оқушының сыни ойлауы мен өз бетінше тапсырманы орындауға тиімді екенін дәлелдеді. Бастауыш сынып мұғалімі Г.Сәдірмекова "Тақырыптық теннис"әдісі арқылы білім алушылардың есте сақтау қабілеті дамитынын, ойлау дағдыларын арттыруға бағытталғанын көрсетті.